Жаңалықтар
ЖУЫРДА САХНАДА ПРЕМЬЕРА!!!
Кеңес Жұмабеков «Абай мен Әбіш» /драма/ Режиссері ҚР Мәдениет қайраткері Сламбек Жұмағали
Бұл шығармада дала данышпаны, қазақтың бас ақыны Абайдың тағдыры арқылы, әке мен бала, отбасының азабы мен тауқыметінде көрсетуге тырысқан. Абай ақылман, кемеңгер, халықтың мұң-мұқтажын жоқтаушы ғана емес, ол отбасының ұйтқысы, қамқор әке, ақылман данагөй, әрі үлкен махаббат иесі. Мыңмен жалғыз алысып, елінің тағдырын ойлаған данышпан өмірі қиындық пен шырғалаңға толы. Өскелең ұрпақтың болашақ өмірі үшін өте-мөте керек дүние. Қойылым қалың көпшілікке арналған.
Құрметті театр ұжымы!
Сіздерді Халықаралық театр күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қоғам мен мәдениеттің игілігіне бағышталған ерен еңбектеріңіздің тәуелсіз мемлекетіміздің тағы бір рухани белесіне көтерілуіне өзіндік үлестеріңіз зор. Осы жолдағы шабыттарыңыз сарқылмасын! Өмірлеріңіз қашанда жақсылық пен ізгілікке, қуаныш пен шапағатқа толы болсын дей отырып, Өздеріңізге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз! Ырыс-несібелеріңіз сарқылмасын, шаңырақтарыңызға жақсылық нұрын сеуіп, мерейлеріңіз үстем болсын! Көрермен қошеметіне бөленіп, өнердің биік шыңына жетіңіздер! Ізгі ниетпен Театр директоры С.Н.Бекболатов
Құттықтаймыз!!!
Халықаралық Театр күні қарсаңында, театр ұжымы Татарстан республикасы, Буинск қаласына Буинск Мемлекеттік татар драма театрының 100 жылдық мерейтойына орай өткен I Бүкілресейлік «Идель-Урал-Буа-диалог кеңістігі» атты театр фестиваліне У.Шекспирді «Гамлет-Тәпі» (реж: Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты Қ.Қасымов) спектаклімен қатысып, «Жоғары, кәсіби деңгейде орындағаны үшін» дипломымен марапатталып өнер көрсетіп қайтты. Әрқашанда Сәкен театрының мәртебесі арта берсін! Құрметті Әріптестер көрермен қошеметіне бөленіп, өнердің биік шыңына жетіңіздер!

18.03.2017
Сәкен театры ғимаратында наурыздың 16-18 аралығында «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ» атты театрландырылған балаларға арналған мерекелік ойын-сауық бағдарламасын Қарағанды қаласы жұртшылығына ұсынуда. Әрбір келген көрермен өз ризашылықтарымен алғыстарын білдіріп, өз көңілдерімен бөлісті. (Реж.А.Крыкбаев)