Жаңалықтар
16.03.2017
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы 2017 жылдың 22-27 наурыз күндері Татарстан республикасы, Буинск қаласына Буинск Мемлекеттік татар драма театрының 100 жылдық мерейтойына орай өтетін I Бүкілресейлік «Идель-Урал-Буа-диалог кеңістігі» атты театр фестиваліне У.Шекспирдің «Гамлет-Тәпі» (реж: Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты Қ.Қасымов) спектаклімен қатысады.
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының апта сайынғы есебі
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының 85 жылдық мерейтойына орай, театр ұжымы ақпанның 14-ші жұлдызында Бұқар Жырау ауданы, Ботақара кентіндегі «Мәдениет үйінде» Е.Төлеубайдың «Әлихан Бөкейханов» драмасын көрермен жұртшылыққа ұсынып, аталмыш қойылым - келген әрбір көрерменнің көңілінен шығып, ризашылықтарын білдіріп жатты.
Құттықтаймыз марапат 2016
Құттықтаймыз!!!
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, театрымыздың бірқатар қызметкерлерінің еңбектері жоғары бағаланып, арнайы құрметпен марапатқа ие болды.
С.Н. Бекболатов – ҚР «Құрмет» орденімен марапатталды.
М.А.Садықанов - «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды.
С.К.Мустафина -ҚР Президентінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Р.Е.Кожанова - Қарағанды облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
А.Ахметкалиева - ҚР «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Сәкен театрының мәртебесі арта берсін!
05.12.2016
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры ғимаратында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай Сәкен театры ұжымы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестікпен біріге отырып, көрермен көпшілікке мерекелік концертті ұсынған болатын.
...
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры ғимаратында театрымыздың актрисасы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегеріт Нұржібек Жансүгірованың 25 қараша күні 60 жас мерей тойымен шығармашылығына 40 жыл толуына байланысты шығармашылық кеші өтті. Нұржібек Күлмесханқызы алғашқы өнер жолын 1976 жылдан бастап, сахна төрінде 40 жылдан аса үзбей қызмет етіп келеді.














