Жаңалықтар
Жуырда сахнада Премьера!!!
В.Шекспирдің «Гамлет-Тәпі» трагедиясы /фантасмагория/
Режиссері-Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың, Халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты Қ.Қасымов
Қоюшы суретші-Ұ.Несіпбай
Музыкамен көркемдеуші-Б.Амандықов
Шекспирдің «Гамлет» трагедиясында біз сол уақыттағы жаңа гуманист бейнесін көреміз. Пьеса барысында ол күрделі моральдық – этикалық проблемаларды шешуге, шындыққа тырысады. Гамлетті мазалайтын мәселе – кек алу. Әкесін өлтірген адамнан кек алу, зұлымдықты жазалау немесе тағдыр соққысынан қорғану. Бірақ адамзаттың, мәңгілік сұрағының жауабы әлі де жоқ. Сондай – ақ өмір жұмбағының уәжі және елінің жұмбағы Гамлетті толғандырады. Монологында өзіне «Болу немесе болмау» деген сұрақ қояды.
Премьера қарашаның 16-17 күндері аралығында болады.
Басталуы сағ: 18.30 да
Келіңіздер, Көріңіздер!
Анықтама телефондары: 41-39-89, 42-02-97
...
2016 жылдың 12-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIV-ші фестиваліне Сәкен театры ұжымы Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы» (реж. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері Д.Еспаев) спектаклімен қатысып, «Тақырыптық ізденістер үшін» номинациясы бойынша дипломмен марапатталып қайтты. Басты рөлдерді: ҚР мәдениет қайраткері С.Н.Бекболатов және ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» ордені иегері Н.Жансүгіровалар сомдады.
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әр апта сайынғы есебі
Театр ғимаратында 5 қазан күні Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай сахналанған Е.Төлеубайдың «Әлихан Бөкейханов» драмасы көрермен көпшілікке ұсынылып, өз бағасын алған болатын. Аталмыш қойылымды келген әрбір көрермен жылы қабылдап, өз ойларымен бөлісті. «Әлихан Бөкейханов» қойылымы «Алаш» үкіметінің негізін қалаушы, ұлт көшбасшысы, тәуелсіздік жолындағы ұлы күрескер Әлихан Бөкейхановтың отбасы, ұлт саясатындағы көсемдігі, басшылық біліктілігі мен күрескерлігін аша суреттейді. Спектакль көрерменін ұлттық патриотизмге үндейді. Режиссері- ҚР мәдениет қайраткері С.Жұмағали.
...
Е.Төлеубайдың «Әлихан Бөкейханов» драмасы
Режиссері- С.Жұмағали
Қоюшы суретші- Ұ.Несіпбай
Музыкамен көркемдеуші-С.Мустафина
Пьеса – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері «Алашорда» үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханов жайында. Әлихан Бөкейханов өз өмірін – Қазақ халқының ұлттық – саяси бостандығы мен елінің жарқын болашағы үшін күреске арнаған ұлтының – ұлы тұлғасы.
Премьера қыркүйектің 27 жұлдызында болады.
Басталуы сағ: 18.30 да
Келіңіздер, Көріңіздер!
Анықтама телефондары 41-39-89, 42-02-97
15-09-2016
9 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы өзінің 85-ші театр маусымын М.Әуезовтың «Қаракөз» трагедиясымен (реж. Қ.Қасымов) ашқан болатын. Осы маусымның ашылу салтанаты - театр ғимаратының алдында, театрдың барлық шығармашылық ұжымы қызыл кілемнің үстімен жүріп өтіп, көрермен қауымға өздерін таныстырып, үлкен қошеметке ие болған еді.














