Жаңалықтар
Ақтөбе 2016
12-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIV-ші фестиваліне Сәкен театры ұжымы Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы» (реж. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері) спектаклімен қатысуда.
85-ші Театр маусымының ашылуы!!!
9 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры ғимаратында М.Әуезовтың «Қаракөз» трагедиясымен (реж. Қ.Қасымов) 85-ші театр маусымы ашылады. Келіңіздер. Көріңіздер!!!
Басталуы сағат: 18 -30 да
...
Театр ұжымы сәуір айының 25-30 жұлдыздары аралығында ынтымақтастық аясында орын алған гастрольдік алмасу іс-сапары ұйымдастырылып, қазіргі заман талабына сай, тәрбиелік мәні зор, ауқымды болашақ жастарды тарихымен табыстыратын, эстетикалық –этикалық, ұлтжандылық , патриоттық сезімдерін ұялататын қойылымдарын Павлодар жұртшылығына ұсынған болатын. Көрермен көпшілік қойылымдарды ыстық ықыласпен қабылдап, өз алғыстарын білдіріп ризашылықтарын көрсетті. Аталмыш гастрольдік іс-сапармен К.Жұмабековтың «Адасқандар» /драма/ (реж: С.Жұмағали), Д.Рамазанның «Ұлы арман» /тарихи драма/ реж. А.Қрықбаев), Е.Пермьякованың «Отпен ойнама» /ертегі/ (Реж:А.Қрықбаев), Б.Бекжановтың «Өмір» /драма/ (Реж. С.Жұмағали), Р.Кунидің «Ашына. Балкон. Өлік» /16 жастан асқан көрермендерге/ (реж. Б.Киекбаев), Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы» /драма/ (реж. Д.Еспаев), У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» /трагедия (реж. Д.Еспаев) қойылымдарымен театр артистері өнеркөрсетіп қайтты.
ЖУЫРДА САХНАДА ПРЕМЬЕРА!!!
У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясы
Режиссері-Д.Еспаев
Қоюшы суретші- Ұ.Несіпбай
Музыкамен көркемдеуші-С.Мустафина
У.Шекспирдің бұл трагедиясы ертеден жауласып келе жатқан екі рудың Монтекки мен Капулетти балалары, яғни бір – біріне ғашық жас жігіт Ромео мен Джульеттаның махаббаты жайлы сыр шертеді, екі текті жас ғашықтардың махаббаты мен олардың қайғылы қазасы туралы болмақ.
Премьера сәуірдің 23-24 аралығында болады.
Басталуы сағ: 17.00 де
Келіңіздер, Көріңіздер!
Анықтама телефондары 41-39-89, 42-02-97
Жуырда сахнада
Наурыз айының 4-5 жұлдызында Б.Бекжановтың «Өмір» мелодрамасының Премьерасы!!!
Режиссері - ҚР мәдениет қайраткері С.Жұмағали
Суретшісі -Ұ.Несіпбай
Шығармада көтерілген басты мәселе отбасы-ошақ қасындағы тартыс. Екі жастың махаббатына кедергі болатын дүние, баланың жоқтығы. Қарапайым ортада тәрбиеленген Өмірдің көзқарасымен байлық пен баршылықта өскен Айна екеуінің өмірге деген пайымы екі түрлі екендігі көрініс тауып, ажырасуға апарады. Көтерілген тақырып бүгінгі заман тұрғысымен астасып, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Шиеленіс пен тартысқа толы. Ақыры Өмір өз дегеніне жетіп, бақытына қосылады. Шығарма қалың көпшілікке арналған.














