Жаңалықтар
Алғыс күніне орай, Құсайын Нұғмановтың 100 жылдық мерей тойы
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бекітуімен 1 наурыз-Алғыс айту күні деп жарияланып, Алғыс айту күнін мерекелеу аясында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында мерекелік іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асқан болатын. Алғыс күнін мерекелеудің басты бағыт-бағдары ретінде Біз «Алғыс айту философиясын», «Алғыс айту тарихы», «Алғыс айту парызым», «Алғыс сөздің асылы» адамгершілікке баулитын өнегелі дәстүрлерді арқау етіп, театрымызда еңбек еткен, талантты да, дарынды өзіндік орны бар Қазақ театрының шаңырағын көтеріскен, сахна өнерінің алғашқы қиындықтарын көрген, театр өнерінің кәсіби деңгейін көтеріп, бүгінгі өнегелі өнерге жеткізген алғашқы қарлығаштардың соңғы тұяғы Құсайын Нұғымановты 100 жылдық мерейтойына орай, еске алу, ас беру кеші ұйымдастырылып, тұңғыш рет тойланып отырған 1 наурыз - Алғыс айту күнін мерекелеу аясында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында да мерекелік іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асқан болатын.
Сәкен театры ғимаратында желтоқсанның 22-30 аралығында «Жаңа – Жыл Жаңа Бақыт» атты ойын-сауық бағдарламасы өтеді.
М.Матамова «Жаңа – Жыл Жаңа Бақыт» ойын сауық бағдарлама
Реж: Д.Еспаев
У.Лейс «Айға ұшқан Түкбілмес»
Реж: Ә.Оразбеков ертегі
қойылымды қалпына келтірген С.Жұмағали
Келіңіздер, көріңіздер!
Жуырда сахнада Премьера!
Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы» драмасы
Режиссері-Д.Еспаев
Қоюшы суретші-Т.Аккерт
Музыкамен көркемдеуші-С.Мустафина
Бұл пьеса-қазіргі заманғы адамдардың шынайы шындыққа жанасқан адами болмысы, өмір мен өлім, мейірімділік пен зұлымдық, махаббат пен сатқындық жайында болмақ. Пьеса кейіпкерлері-өз өмірлерін туғандарымен жақындарына ғана арнап, өмір қиыншылықтарын көп көрген, алайда өмірге деген құлшыныстарын жоғалтпаған Зейнеп пен Айтөре туралы. Кездейсоқ жолыққан екі қарт жандар, қартайған шағында кездесіп қалады. Әрқайсысы қиыншылық тауқыметін көп көрген тағдырлас жандар, бір-бірінің жан дүниесін түсініп, жақындықты сезінеді. Бірақ, өкінішке орай екеуінің кездесуі-әттең кеш еді!
Премьера қазанның 30-31 аралығында болады.
Басталуы сағ: 18.30, 17.00 де
Келіңіздер, Көріңіздер!
Анықтама телефондары 41-39-89, 42-02-97
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры ұжымы қыркүйектің 22-26 аралығында Өскемен қаласында өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған XXIII-Республикалық театрлар фестивалінде Д.Рамазанның "Ұлы арман" қойылымымен қатысады.
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры ұжымы қазанның 08-12 аралығында Тараз қаласында өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрлар фестивалінде Д.Рамазанның "Ұлы арман" қойылымымен қатысады.
84-ші театр маусымы ашылады.
16 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры ғимаратында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Д.Рамазанның «Ұлы арман» атты тарихи қойылымымен (реж. А.Қрыкбаев) 84-ші театр маусымы ашылады. Келіңіздер. Көріңіздер!!!
Басталуы сағат: 18 -30 да














