Жаңалықтар
...
2015 жылдың 05-14 аралығында Түркия мемлекетінің Трабзон қаласында өткен 16-шы Халықаралық «Қара теңіз жағалауында» атты фестиваліне М.Әуезовтың «Қарагөз» қойылымымен қатысып, көрермендерден жоғары баға алып, үлкен марапатқа ие болып қайтты.
ЖУЫРДА САХНАДА ПРЕМЬЕРА!!!
Д.Рамазан «Ұлы арман» спектаклі, тарихи драма
Қоюшы режиссері-А.Қрықбаев
Қоюшы суретшілері-Н.Абдрахманов, И.Ибрашева
Музыкамен көркемдеуші-С.Мустафина
Абылай қалмақтарға қолға түседі. Шарыштай батырынан айырылып, кек тұтқан жауынан ақыл-айласымен тұтқыннан босап қана қоймай, Қалден Сереннің қызын алып, бейбітшілікке келісім-бітім жасасып қайтады. Бір бүйірден орыстар аю-тырнағын батырып, екінші бүйірден Қытай аждаха отын шашқылап қыспаққа алған ( Қалмақ пен Хиуа хандығы да ол кезде тыныш жатқан жоқ) заманда Абылай алдында аз қазақты қыл көпірден аман алып өтіп, елін, жерін сақтап қалуды арман етті және алып өтті де. Бұл Ұлы арман еді!
Премьера сәуірдің 29-30 аралығында болады.
Басталуы сағ: 18-30
Келіңіздер, Көріңіздер!
Анықтама телефондары 41-39-89, 42-02-97
...
Сәкен театры ұжымы 5-12 сәуір аралығында Өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларына гастрольдік іс сапармен өнер көрсетіп қайтады.
...
Театр ғимаратында наурыздың 17-20 аралығында «Қош келдің, әз Наурыз» атты балаларға арналған мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өтеді.
Басталу уақыты сағ: 12.00, 14.00
Наурыздың 22 күні «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік концерті өтеді.
Басталуы сағ: 17.00
Келіңіздер, көріңіздер!!!
Анықтама телефондары: 41-39-89, 42-02-97
Жуырда сахнада Премьера!!!
Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы» драмасы
Қоюшы режиссері-Ж.Садықов
Қоюшы суретшісі-Ұ.Несіпбаев
Музыкамен көркемдеуші-Д.Жүнісова
Бұл драма-адамдар арасындағы қарым-қатынасты ашып көрсетеді. Жер бетіндегі зұлымдық, надандық атаулы жағымсыз қасиеттерден әрине, біз зиян шегетінімізді білеміз. Бір адамның бір адамға деген жеккөрушілік қасиеті қайдан пайда болады? Бұл пьеса- адамдарды өз ішкі жан дүниесіне шындықпен, шынайылықпен терең үңілуіне шақырады.
Премьера ақпанның 27-28 аралығында болады.
Басталуы сағ: 17-00, 18-30
Келіңіздер, Көріңіздер!
Анықтама телефондары 41-39-89, 42-02-97














