Новости
...
Театр ғимаратында 2013 жылғы қарашаның 16-шы жұлдызында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, сахна шебері Мекен Нүсібәліұлы Қисықовтың 60 жылдық мерейтойы мен сахна төріндегі еңбегінің 40 жылдығына арналған мерекелік кешіне шақырамыз.
...
Театр ұжымы 2013 жылдың 23-28 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында өткен Т.Ахтановтың 90 жылдығына арналған XXI Республикалық драма фестиваліне сахналық фантазия «Қыз Жібек» лиро-эпосы спектаклімен (режиссері Д.Жұмабева) қатысып, театр артисі Д.Заитова «Ең үздік әйел рөлі» номинациясына ие болды.
Театр ұжымы 31.10.13 ж - 01.11.13ж аралығында Балқаш қаласына О.Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» ертегісі, Т.Нұрмағанбетовтің «Табалдырығыңа табын» драмасымен гострольдік іс-сапарда болып қайтты.
Театр ұжымы 5-6 қараша аралығында Шұбаркөл кентіне О.Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» ертегісі, А.Галиннің «Қайран жас дәурен» драмасымен гострольдік іс-сапарда өнер көрсетіп қайтты.
...
2013 ж. 16-22 қыркүйек аралығында театр ұжымының Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында гастрольдік іс-сапары.
...
82-ші театр маусымында театр ұжымы жаңа қойылымдарға дайындық үстінде, Ө. Ахметовтің «Жұлынқұрт» трагедиясы , қоюшы режиссері – ҚР мәдениет қайраткері А.Қырықбаев, Мар Байджиевтің «Ғашықтың тілі» комедиясы, режиссері-ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты - Д.Еспаев.
...
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының 82-ші маусымы 2013 жылдың 11 қыркүйегінде М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалы комедиясымен ашылады.















