Премьера!
К.Жұмабековтың «Адасқандар» драмасы
Режиссері-С.Жұмағали
Қоюшы суретші-Ұ.Несіпбай
Музыкамен көркемдеуші-С.Мустафина
Драматург К.Жұмабековтың «Адасқандар» драмасы бүгінгі күннің болмысын ашып көрсетеді. Аты айтып тұрғандай, ислам дінін тереңдеп түсінбей, басқа ағымға түсіп кеткен жастардың қилы тағдыры шығарма өзегіне айналады. Өңгенің алдауы мен арбауына, азғыруына иланған қазақтың қаршадай қыздары мен жігіттері, «байимын, машина, үй сатып аламын» деп жүріп, жауыздардың қақпанына, қанды шеңгеліне қалай түскенін білмей, тығырықтан шығатын жол іздеп аласұрады. Екі көздері жәудіреп, туған жердің топырағын, ата-ананың аялы алақанын аңсайды. Оларды алда қанды қырғын, жазықсыз жандарды қыру, жалған діни ағымның әр түрлі қатыгездігі күтіп тұрғанын кеш аңдайды. Бірақ, шегінерге жол жоқты. Олар өлтірмей кері қайтармайды. Міне, шығарманың өзегі – адаспас үшін он ойланып жүз толғану керектігін еске салады, адаспауға үндейді. Драма қалың көпшілікке арналған.
Премьера қазанның 17-18 аралығында болады.
Басталуы сағ: 17.00 де
Келіңіздер, Көріңіздер!
Анықтама телефондары 41-39-89, 42-02-97
Премьера!
Д.Исабековтың «Өкпек жолаушы» драмасы
Режиссері-Д.Еспаев
Қоюшы суретші-Т.Аккерт
Музыкамен көркемдеуші-С.Мустафина
Бұл пьеса-қазіргі заманғы адамдардың шынайы шындыққа жанасқан адами болмысы, өмір мен өлім, мейірімділік пен зұлымдық, махаббат пен сатқындық жайында болмақ. Пьеса кейіпкерлері-өз өмірлерін туғандарымен жақындарына ғана арнап, өмір қиыншылықтарын көп көрген, алайда өмірге деген құлшыныстарын жоғалтпаған Зейнеп пен Айтөре туралы. Кездейсоқ жолыққан екі қарт жандар, қартайған шағында кездесіп қалады. Әрқайсысы қиыншылық тауқыметін көп көрген тағдырлас жандар, бір-бірінің жан дүниесін түсініп, жақындықты сезінеді. Бірақ, өкінішке орай екеуінің кездесуі-әттең кеш еді!
Премьера қазанның 30-31 аралығында болады.
Басталуы сағ: 18.30, 17.00 де
Келіңіздер, Көріңіздер!
Анықтама телефондары 41-39-89, 42-02-97