Алғыс күніне орай, Құсайын Нұғмановтың 100 жылдық мерей тойы
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бекітуімен 1 наурыз-Алғыс айту күні деп жарияланып, Алғыс айту күнін мерекелеу аясында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында мерекелік іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асқан болатын. Алғыс күнін мерекелеудің басты бағыт-бағдары ретінде Біз «Алғыс айту философиясын», «Алғыс айту тарихы», «Алғыс айту парызым», «Алғыс сөздің асылы» адамгершілікке баулитын өнегелі дәстүрлерді арқау етіп, театрымызда еңбек еткен, талантты да, дарынды өзіндік орны бар Қазақ театрының шаңырағын көтеріскен, сахна өнерінің алғашқы қиындықтарын көрген, театр өнерінің кәсіби деңгейін көтеріп, бүгінгі өнегелі өнерге жеткізген алғашқы қарлығаштардың соңғы тұяғы Құсайын Нұғымановты 100 жылдық мерейтойына орай, еске алу, ас беру кеші ұйымдастырылып, тұңғыш рет тойланып отырған 1 наурыз - Алғыс айту күнін мерекелеу аясында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында да мерекелік іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асқан болатын.
Театрдың алғашқы қайраткерлеріне құрмет көрсетіліп бүгінгі ұрпақ алғысын білдірді. Театрдың фойесіндегі ардагерлер тақтасы қойылған қабырғаға абыз ақсақалымыз Қ.Нұғымановтың портрет-суретімен өмірбаяны жазылған буклет-кітабы қойылды. Аталмыш іс-шараға театрымыздың директоры С.Н.Бекболатов, Рымбала Кенжебалиқызы, аға буын артистеріміз К.Жұмабеков, Е.Жүніспеков, М.Садыханов, М.Қисықов, Г.Рашкалиева, Б.Кемалова, Құсайын Нұғымановтың туыс-жақындары, ұл-қыздары, немере-шөберелері келіп қатысып, өз ойлары-сағыныштарын білдірген болатын. Ақпараттық құрал өкілдері келді. Мұндай игі бастамалар жалғасын тауып, үлкендерге деген құрмет еш уақытта да ұмытылмайды! Кешегісіз бүгін жоқ, ертеңгі күннің тарихын жасайтын бүгінгі ұрпақ!





