«ФАРИЗА мен МҰҚАҒАЛИ»

Халықтар Достығы Орденді Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры2018 жылғыақпанның 14-15 күндері (басталуы сағат 18.30дa) Р.Отарбаевтың «ФАРИЗА мен МҰҚАҒАЛИ» лирикалық драмасын (Режиссері-ҚР еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязов) Қарағанды  жұртшылығына ұсынбақ.

20-ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қос өкілі, аттары аңызға айналған  ақын Мұқағали Мақатаев пен ақын қыз  Фариза Оңғарсынованың рухани жақындығы мен биік адамгершілік қарым-қатынастары лирикалық драмаға өзек болған. Адами тазалық пен талантты қадірлеу  арқылы  көреалмаушылық пен сатқындық сияқты пенделік ұсақтықпен күрес туралы шығарманың бүгінгі жастарымыз үшін тәрбиелік-тағлымдық мағынасы жоғары деп білеміз. Бүгінгі таңда кітап оқып, өлең жаттаудан гөрі интернетке үңілген жастарымыздың «өлең сөздің патшасы –сөз сарасымен» сусындап қайтуға шақыратын қойылымды көрген  көрерменнің ұтары көп болары сөзсіз. 

Спектакльдің өтетін жері: Бейбітшілік бульвары, 19, Халықтар Достығы Орденді К.Станиславский  атындағы Қарағанды  мемлекеттік орыс  драма театры ғимаратында , 8 (7212) 41-02-97; 8 701 324 0145.