Басшының құттықтау сөзі

 Құрметті сайт пайдаланушылар!

director2Қазақ халқының рухани байлығының бір саласы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 1932 жылы шаңырағын көтерді. Осы жылдар ішінде әлем, Батыс, орыс, қазақ классикалық шығармалармен бірге заманауи тақырыбына жазылған драматургиялық шығарамаларды жарыққа шығарды. Еврипид, Шекспир, Шиллер, А.Островский, Н.Гоголь, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтардың өміршең драмалары театр актерларының шеберлігінің арқасында көрермендермен қауышты. Театрдың алғашқы қарлығаштары Қазақстанның халық артисі Ж.Шашкина, М.Сүртібаев \Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты\, Р.Қойшыбаева \КСРО \Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты\, А.Мұсабекова, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері М.Әбдікәрімов, Ә.Шаймерденов, З.Жақыпов, А.Ыбыраев, Т.Жабаев, Қ.Әлімбаева, Ө.Асылбековтердің шеберліктерін үйреніп, сахнаның қыр-сырын меңгеріп актерлық теориясымен қаруланып арнайы кәсіби оқу орнын бітіріп келген талантты актерлер Қазақстанның халық артистері Қ.Сатаев, Ә.Абылаева, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Р.Омарханова, Ш.Жүнісов, Р.Баймағамбетовтер театрдың абыройын асқақтатып театр тарихына аттарын алтын әріппен жазып кетті. Бүгінгі таңдағы актерлар құрамы Алматы, Астана жоғарғы оқу орнын бітіріп келген талантты жастар. Сонымен бірге Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің түлектері театрымызда еңбек етіп жүр. Актерлық шеберліктеріменен жастарға үлгі өнеге болып жүрген театр майталмандары, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Е.Жүніспеков, К.Жұмабеков \Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты\ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Кемалов, Қазақстан Мәдениет қайраткері белгісінің иегерлері М.Қисықов, А.Ахметқалиева, С.Жұмағали, Н.Жансүгірова, Г.Рашкалиева, Б.Кемалова, Ш.Нукина, Б.Ахметов, М.Садықанов, Б.Бәкіжанов, Қ.Жырымбаевалар театр репертуарында сан алуан кейіпкерлер сомдап жүрген өнер қайраткерлері. Театрдың болашағы Б.Киекбаев, Б.Мақсұтова, А.Қырықбаев, Б.Сүлейменов, Б.Әукешова, М.Қойшығарин, Р.Қошжанов, Д.Заитова, М.Матамова, Б.Жағыппаровалар көрермендер көңілінен шығып, сан алуан образдар сомдап шеберлігі шыңдалған актерлер. Театрымыздың көркемдік жетекшісі Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері Д.Еспаевтың басшылығымен, құлпырған жауқазындай сахнаның сәні балауса жас актерларымыз театрымыздың болашағы. Әсемдік әлеміне саяхат жасағыңыз келсе, халқымыздың тарихымен қауышып, Егемен еліміздің бүгінгі рухани бағыт – бағдарымен танысып, патриоттық тәрбие алғыңыз келсе, театрымызға келіңіз! Сіздерді әр кеште есігі айқара ашылған әсем театр ғимаратында тосамыз!

 Ізгі ниетпен  театр директоры ҚР Мәдениет қайраткері Бекболатов Сансызбай Нұрсияұлы