Қазақтың көрнекті жазушы-драматургы Рақымжан Отарбаевтың өмірден өткеніне қатты қайғырып,  марқұмның отбасы мен «Ақжайық.кз» журналының редакциясына,  Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театрының ұжымына қайғыларыңызға ортақтасып,  көңіл айтамыз.

Электронная торговля для бизнеса и населения

Толығырақ...

Электронная торговля для бизнеса и населения

«ФАРИЗА мен МҰҚАҒАЛИ»

Толығырақ...

Халықтар Достығы Орденді Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры2018 жылғыақпанның 14-15 күндері (басталуы сағат 18.30дa) Р.Отарбаевтың «ФАРИЗА мен МҰҚАҒАЛИ» лирикалық драмасын (Режиссері-ҚР еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязов) Қарағанды  жұртшылығына ұсынбақ.

Құрметті өнер сүйер қауым!

Сәкен театрында жақында премьера "Мұқағали мен Фариза"
авт: Р. Отарбаев
реж: Н.Жұманиязов
"Фариза мен Мұқағали" лирикалық драма. 
Заманның сыршыл ақындары Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаевтың өр руxты өлеңдері мен маxаббат лирикасы талай ұрпақты тәрбиелеп, поэзия әлеміне табындырып, тамсандырып келеді. Ақындық пен адамгершілік туын қатар ұстаған Мұқағали ақынның досы қандай көп болса, дұшпаны да соншалық. Қызғаныш пен көреалмаушылық, талантты таптау, сатқындық міне осының бәрі аурумен арпалысқан ақын жанын жаралайды. Осындай сәттерде Мұқағали ақынның жанына жалау, көңіліне медеу болған қаламдас қарындасы Фариза болды. Спектакльге бірін-бірі түсінген руxтас жандардың пенделіктен жоғары, таза ақындық қарым- қатынастары арқау болған. Сәкен театры . 
"Фариза мен Мұқағали" лирикалық драмасының премьерасын тамашалауға 14,15 ақпан күндері, 
сағ 18.30-да Станиславский театрына шақырады. 
Келіңіздер, көріңіздер!
#Анықтама телефондары: 41-39-89, 42-02-97
Театрда жүздесейік!

«Тәуелсіздік-тұғырым»

Толығырақ...

Театр ғимаратында 16-желтоқсан күні театрымыздың артистерінің қатысуымен көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік концертті Қарағанды жұртшылығына ұсынған болатын. Келген әрбір көрермен өз алғыстарын білдіріп, театр ұжымына сәттілік тіледі.

         Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма  театры 21-22  қыркүйек күндері  «Қаздауысты Қазыбек би»  атты тарихи –драманың  премьерасымен  86-шы  маусымын  ашты.

Қарағандының Сәкен театры Кереку жерінде

Толығырақ...

Кеше, 25 қыркүйек күні Павлодар қаласында Қарағанды облыстық қазақ драма  театрының гастрольдік сапары басталды.

Алдымен қаладағы мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына арналып,  «Қаздауысты Қазыбек би» тарихи драмасы ұсынылды.  Жас ұрпақ күллі қазаққа ортақ тұлға –Қазыбек бидің  ел бірлігі мен ынтымағы жолындағы өнегелі істеріне қанықса,  ал кішкентай көрермендерге  «От құйрықты әтеш»  қойылымы қатты ұнағаны соншалық, олар қарағандылық артистерді сахнадан жібермей, ұзақ қол шапалақтап тұрды.

Премьера

Толығырақ...

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 21 қыркүйек күні «Қаздауысты Қазыбек би» атты тарихи –драманың премьерасымен 86-шы маусымын ашты.

Казыбек би премьера

Толығырақ...

Сәкен театры 21-22 қыркүйек күндері ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кеңес Жұмабековтың "Қаздауысты Қазыбек би" тариxи драмасымен 86-шы маусымының шымылдығын түреді. Ұлтымыздың ұлы биінің 350 жылдығына арналған қойылымда Қазыбек бидің шешендігі мен көрегендігі, қазақ xалқының біртұтастығын ойлаған кемеңгерлігі жан-жақты көрсетіледі. Қоюшы режиссер Ш, Айтматов атындағы xалықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов, /Тараз/ суретшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Тұяқов. /Алматы/

EXPO-2017 xалықаралық көрмесінің аясында Астанада өтіп жатқан Қарағанды облысының күндеріне орай С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының өткізген шаралары. 

5-7 қыркүйек 2017 жыл, Астана қаласы