Новости
...
Желтоқсан айының 6 күні Сәкен театры ұжымы гастрольдік іс-сапармен Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театры ғимаратында Р.Мұқанованың «Ешкім де кінәлі емес» /драма-абсурд/ атты спектаклін Астана қаласы жұртшылығына ұсынған болатын. Осы аталмыш қойылымды тамашалауға келген барлық көрермендер өз ықыластарын білдіріп, театр ұжымына ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, спектакльді көруге арнайы шығарма авторы Р.Мұқановада келіп, өз ойымен бөлісіп, қойылымның өте жоғары деңгейде өткендігін айтып өттті.
/Реж: ҚР Мәдениет қайраткері Б.Киекбаев/
Бұл күндері Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының Орал өңіріндегі мерейтойлық гастрольдік сапары табысты жалғасуда.
Кешелі-бүгін Орал театрының сахнасында ҚР Еңбек сіңірген артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кеңес Жұмбаековтің «Адасқандар» әлеуметтік драмасы көрермендер назарына ұсынылды. Күніне үш рет қойылса да, «Адасқандар» драмасына көрермендер қызығушылығы өте жоғары болды.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, облыс әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Рымбала Кенжебалақызы Омарбекова бастаған қарағандылық делегацияны ҚР еңбек сіңірген артисі, актер-драматург Кеңес Жұмабеков пен «Құрмет» орденді актриса Гүлсара Рәшқалиеваны 70 жасқа толған мерейтойына орайБатыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов арнайы қабылдап,оларға жерлестері атынан сый-сияпат жасады. Сәкен театрының директоры, «Құрмет» орденінің иегері Сансызбай Нұрсияұлы Бекболатов облыс әкімін театрдың шығармашылық жоспарымен таныстырды.
Театрдың 87-ші маусымы ашылды
85 жылдан астам тарихы бар, Халықтар достығы орденді Сәкен театры өзінің 87-ші театр маусымын жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың " Фариза мен Мұқағали" лирикалық драмасымен ашты. Спектакльдің қоюшы-режиссері Нұрлан Жұманиязов. Қойылымға қазақтың қос ұлы ақындары - Фариза мен Мұқағалидың арасындағы поэзия тәрізді тұнық та таза қарым-қатынас пен биік адамгершілік асыл қасиеттер, сонымен қатар таланттарды көреалмайтын пенделердің ұсақ тірліктері арқау болған.
Сәкен театры Румыниядан фестивальдан оралды
Маусым айының 4-і мен 10-ы аралығында Румынияның Тарговиште қаласында театрлардың халықаралық фестивалі болып өтті. Тони Буландра театры ұйымдастырған бұл биік өнер сайысына Қазақстаннан Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры «Гамлет-тәпі» драмасымен қатысты.
Электронная торговля для бизнеса и населения
Электронная торговля для бизнеса и населения















