Жаңалықтар
...
С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры 19 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында күніне 4 рет: сағат 10.00, 12.00, 14.00, 16.00-де кішкентай бүлдіршіндер мен мектеп оқушыларына арнап, «Көңіл – күйдің түсі –шырша» атты мерекелік қойылым мен «Жеті лақ» ертегісін көрсетуде.
Құрметті театрға келуші көрермендер, кішкентай бүлдіршіндер!
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры ғимаратында желтоқсан айының 31-жұлдызында сағ 10.00 де «Көңіл –күйдің түсі –шырша» атты мерекелік қойылымы мен «Жеті лақ» ертегісін қайырымдылық іс-шара мақсатында мүгедектер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған отбасы балалары және еңбек ардагерлері балалары, барлық келем деуші қонақтарды тегін тамашалауға шақырамыз! «Көңіл –күйдің түсі –шырша!» мерекелік-музыкалық қойылымында театрымыздың жас актерлері мен актрисалары ата-анасымен бірге келген кішкентай қонақтарды шыршаны айналдыра би билетіп, ән салдырады, жұмбақтар шешкізіп, тақпақтар айтқызады. Үздік өнер көрсеткен кішкентай балапандар Жаңа 2019 жылдың иесі –доңыздан сый-сыйапаттар алады.
...
Желтоқсан айының 6 күні Сәкен театры ұжымы гастрольдік іс-сапармен Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театры ғимаратында Р.Мұқанованың «Ешкім де кінәлі емес» /драма-абсурд/ атты спектаклін Астана қаласы жұртшылығына ұсынған болатын. Осы аталмыш қойылымды тамашалауға келген барлық көрермендер өз ықыластарын білдіріп, театр ұжымына ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, спектакльді көруге арнайы шығарма авторы Р.Мұқановада келіп, өз ойымен бөлісіп, қойылымның өте жоғары деңгейде өткендігін айтып өттті.
/Реж: ҚР Мәдениет қайраткері Б.Киекбаев/
Премьера!!!
Қазан айының 30-31 күндері Сәкен театры ғимаратында Р.Мұқанованың «Ешкім де кінәлі емес» /драма-абсурд/ атты спектаклінің тұсаукесері болып өтті. Осы аталмыш қойылымды тамашалауға келген барлық көрермендер өз ықыластарын білдіріп, театр ұжымына ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, спектакльді көруге арнайы шығарма авторы Р.Мұқановада келіп, өз ойымен бөлісіп, қойылымның өте жоғары деңгейде өткендігін айтып өттті.
/Реж: Б.Киекбаев/
Павлодардағы гастроль табысты аяқталды
С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының Павлодар облысындағы шығармашылық сапары сәтті аяқталып, Арқа театр өнерінің шеберлері керекулік көрермендерді қуанышқа бөлеп қайтты.
Павлодар мен Екібастұз қалаларының мәдениет сарайларында күніне бірнеше рет қайталанып қойылған спектакльдерге ағылған көрермендер санында есеп болған жоқ. Аншлагпен өткен әр қойылым көрерменіне рухани байлық сыйлап, қасиетті өнер құдіреті алдында бас игізді.















